10.10.2025, 12:20

«Біреудің байынан бала туып алған»: Блогер хиджабтағы қыздың оқиғасын жайып салды

Коллаж: sn.kz

Енді елге хиджаб кимеген әйелдерге ешқандай әкімшілік немесе қылмыстық жаза жоқ.

Белгілі журналист, блогер Мөлдір Анарбаева хиджабтағы қыздар мен олардың өмірі туралы бар шындықты айтты. Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Иран билігі әйелдерді хиджаб киюге міндеттемейтін заңды жойды. Енді елге хиджаб кимеген әйелдерге ешқандай әкімшілік немесе қылмыстық жаза жоқ.

Мемлекет енді әйелдердің киім таңдау еркіндігіне араласпайды…

Иранның қыз-келіншектері қуанып, еркіндікке жеткендеріне риза. Ал бізде мемлекет тарапынан зайырлы қоғам болайық десе, керісінше лағып барады.

Құдайға сенің киімің емес, адалдығың керек! Құдайға сенің сырт келбетіңнен қоршаған ортадағы адами қасиетің маңызды.

Ол — ардан аттамау, туған балаңды қоғамға адам етіп қосу, заңға бағыну, ортаңды ластамау, өтірік айтпау, ешкімді ешқандай жолға сүйремеу.

Құдай маңдайыма жазды деген өтірігіңмен біреудің байынан бала туып алмау!

Осы қоғамнан құдайдың жолы деп бөлінбеу! Сен ұстанып жүрген жол шын Құдайдың емес, адам құдайдың жолы. Адам құдайға табынбаңдар!», — деп жазды ол.