Атырауда 23 жастағы блогер Құралай Болатоваға жасалған қатыгездік қоғамды дүр сілкіндірді. Ресми мәліметтерде күдікті Ақбота Нұғманова “үй қамаққа алынды” делінсе, әлеуметтік желіде оның түнгі сағат 02:45-те «Туман» клубында жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. «Қарапайым адам болса, баяғыда түрмеде отыратын еді. Ал мұндайларға неге жеңілдік бар?» — деп жазды ашынған тұрғындар. Қала халқы бұл оқиғаны “заң бәріне бірдей емес” деп бағалап отыр. Әлеуметтік желілерде «қыз зорлық көрді, ал кінәлілер әлі еркін жүр» деген пікірлер қарша борап жатыр. Полиция әзірге тексеру жүріп жатқанын ғана хабарлады. Бірақ қоғам “бұл үнсіздік әділетсіздікті одан әрі тереңдетеді” деп дабыл қағуда.