09.10.2025, 18:00

«Қыздың рұқсатынсыз күйеуге берген — қылмыскер»: тағы бір қызды алып қашқан видео тарады

Фото: massaget.kz

Видео Instagram-дағы @youth_kz_media парақшасында жарияланған.

Алматы қаласында қызды күштеп көлікке отырғызып, алып қашқан сәт түсірілген видео әлеуметтік желіні дүр сілкіндірді. Кадрларда бірнеше ер адам қыздың қарсыласқанына қарамастан, оны көлікке күштеп отырғызып жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видео Instagram-дағы @youth_kz_media парақшасында жарияланған.

Желі қолданушылары бұл әрекетті «салт емес — зорлық» деп сынға алды. Көпшілік: «Мұндайды дәстүрге теңеу — ұлтқа ұят», — деп пікір қалдырған.

Мұсылмандық тұрғыда да, заң жүзінде де әйелдің келісімінсіз неке қию — қылмыс. «Сахих әл-Бұхари» хадисінде де: «Қыздың рұқсатын алмай, оны күйеуге бермеңдер» деп нақты айтылған.

Психологтар мұндай жағдай қыздар үшін өмір бойы жазылмайтын жара, ал қоғам үшін — рухани құлдырау екенін айтады.