09.10.2025, 16:00

Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына сапармен барды

Фото: Ақорда

Президентті халықаралық әуежайда Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына сапармен барды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Президентті халықаралық әуежайда Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды. Бүгін Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізеді және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады. Ертең Қазақстан Президентінің ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысына қатысуы жоспарланған.