05.10.2025, 08:30

Жауын, қар және үсік: синоптиктер бірнеше өңірге ескерту жариялады

Фото: unsplash

Ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі.

"Қазгидромет" 2025 жылғы 5 қазанға арналған еліміз бойынша жалпы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Болжам бойынша, жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі. Оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл, ал шығыста көктайғақ болуы мүмкін.

Батыста, солтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ Жетісу облысының солтүстігі мен орталығында 1-3 градус үсік болады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау және Қостанай облыстарының жекелеген өңірлерінде өрт қаупі жоғары болады деп болжанады.

Қызылорда, Түркістан, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы және Ұлытау облыстарының кей аймақтарында өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.