04.10.2025, 11:30

Нұрлан Сабуров Astana Hub Battle финалы кезінде Павел Дуровқа күтпеген сұрақ қойды

Фото: Маржан Куандыкова

БАҚ деректеріне сүйенсек, Павел Дуров бірнеше жылдан бері ет жемейді және фастфудтан бас тартқан.

Астанада Digital Bridge 2025 форумы аясында өңірдегі ең ірі стартап-бәйгелердің бірі – финалдық кезең өтуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Іс-шара барысында жүргізуші Нұрлан Сабуров Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты таныстырды. Ол стартап-батлдың қазылар алқасының құрамына енді. Әзілге толы сәтте комик қонаққа: "Ал, Астанада сізді бешбармақпен күтіп алды ма?" – деп сұрады. Дуров қысқа ғана:

"Жоқ", – деп жауап берді. Сондай-ақ ол қатысушыларға сәттілік тілеп, шара қызықты өтетініне үміт білдірді.

БАҚ деректеріне сүйенсек, Павел Дуров бірнеше жылдан бері ет жемейді және фастфудтан бас тартқан.

Сонымен бірге Сабуров қалжыңдап: "Көпшілік бүгінгі іс-шараға тек Дуровтың шынымен тірі адам екенін, жасанды интеллект емес екенін көру үшін келді", – деді.

Бұған дейін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі байқаудың жүлде қоры 100 мың доллар болатынын мәлімдеген еді. Төрт команда жеңімпаз атанып, әрқайсысы 25 мың доллардан алады.

Биылғы жылы онлайн-іріктеу қорытындысы бойынша 50 стартап бақ сынауда. Олардың арасынан үздік он жоба негізгі сахнаға шығып, қазылар алқасына ұсынылады.

Айта кетейік, халықаралық форум 2 қазанда басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.

Кеше Павел Дуров Қазақстанда Alem AI жасанды интеллект зертханасын ашатынын хабарлады. Алғашқы жоба Telegram мен Жасанды интеллект министрлігі іске қосқан қазақстандық суперкомпьютерлік кластердің бірлескен жұмысы болмақ.