04.10.2025, 01:30

Қытайда дрондар мен отшашулар шоуы өртке ұласты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Аспанға шамамен мыңға жуық дрон көтерілген.

Хунань провинциясындағы Люян өзені маңында дрондар мен отшашулардың қатысуымен ауқымды шоу өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аспанға шамамен мыңға жуық дрон көтеріліп, әсем көрініс жасады.

Алайда отшашудан шыққан ұшқындар құрғақ шөпке түсіп, өрттің шығуына себеп болды.

Өрт сөндірушілер алдын ала дайын болғандықтан, жалын жылдам ауыздықталды.

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Тегтер: Шоу Қытай дрон