$ 547.57  642.63  6.68

Алматыда полицейлер интимдік қызметтер көрсетілген жерасты студияны анықтады

Алматы ПД мәліметінше, BDSM-студия элиталық тұрғын үй кешенінде жұмыс істеген.

Фото пресс-службы ДП Алматы
Фото пресс-службы ДП Алматы

Алматыда полицейлер интимдік қызметтер көрсетілген жерасты BDSM-студиясын анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы ПД мәліметінше, BDSM-студия элиталық тұрғын үй кешенінде жұмыс істеген.

"Бұл жерде жыныстық сипаттағы интимдік қызметтер көрсетілген. Жезөкшелікпен айналысқан әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Пәтер иесі анықталып, заңда белгіленген тәртіппен онымен жұмыс жүргізіліп жатыр", – деді полицияда.

Алматы ПД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев мұндай деректер тұрақты түрде анықталып, жолы кесілетінін атап өтті.

"Біздің міндетіміз – қоғамдық адамгершілікті қорғау және осы саладағы құқықбұзушылықтардың алдын алу", – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары