02.10.2025, 15:30

Тоқаев Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стребулаевты қабылдады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы профессордың сарапшылық пікірін жоғары бағалады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Илья Стребулаев венчурлық инвестиция тарту, сондай-ақ жасанды интеллект саласындағы Қазақстанның стартаптарын дамыту әлеуетін талқылады, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Президент еліміз венчурлық инвестиция тарту көлемі бойынша аймақта көшбасшы екенін атап өтті. Мемлекет басшысы профессордың сарапшылық пікірін және Қазақстанға венчурлық инвестиция тартуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Кездесу соңында Илья Стребулаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің қазақ тілінде жарық көрген кітабын сыйға тартты.