02.10.2025, 10:20

Бүгін жазушы Кемел Тоқаевтың туған күні (ВИДЕО)

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

102 жыл бұрын (1923-1986) жазушы, қазақ әдебиетінде шырғалаң оқиғалы детектив жанрының негізін қалаушы Кемел ТОҚАЕВ дүниеге келген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1948-1984 жылдары Жамбыл облыстық газетінде қызметкер, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде жауапты хатшы, «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде редактор, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі ведомстволарының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметтерін атқарған.

Соғыс тақырыбы мен қазақтың құқық қорғау органдары қызметкерлері өміріне арналған «Тасқын», «Болашақ туралы ойлар», «Көмескі із», «Түнде атылған оқ», «Таңбалы алтын», «Жұлдызды жорық» атты повестер жинақтары, «Соңғы соққы», «Солдат соғысқа кетті», «Ұясынан безген құс» романдары жарық көрген. Сонымен қатар «Қыс қарлығашы», «Арнаулы тапсырма», «Сарғабанда болған оқиға», «Шоқ Жұлдыз» шығармаларының авторы.

Детектив жанрында «Қызыл комиссар», «Қылмыскер кім?», «Сиқырлы сырлар» атты пьесалар жазған. Бірқатар шығармалары шетел тілдеріне аударылған.

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, І, ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.