02.10.2025, 00:00

Бейсембаевқа бағаны мұғалімдер мен Президент береді: Аймағамбетов экс-министр туралы ашық айтты (ВИДЕО)

Фото: Аскар Ахметуллин

Ол экс-министрді тек жағымды қырынан сипаттады. 

Мәжіліс депутаты, бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әріптесі Ғани Бейсембаевтың отставкасына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол экс-министрді тек жағымды қырынан сипаттап, түпкілікті бағаны мұғалімдер мен Мемлекет басшысы беруі тиіс екенін атап өтті.

«Мен Ғани мырзамен ұзақ жыл жұмыс істедім. Өзім министр болған кезде оны командаға шақырдым. Ол Ұлттық оқулық орталығында, Ы. Алтынсарин атындағы институтта еңбек етті, кейін менің орынбасарым болды. Әрқашан адал әрі жауапты қызметкер болды. Оны тек жақсы жағынан ғана білемін. Теріс баға бермеймін. Түпкілікті бағасын мұғалімдер мен Президент береді. Өз атымнан табыс тілеймін», – деді депутат.

Аймағамбетовтің айтуынша, Бейсембаевтың кәсіби жолы білім беру саласының түрлі деңгейінде шыңдалған. Сондықтан оның еңбегі мен атқарған қызметіне бағаны тек педагогтар қауымы мен Мемлекет басшысы әділ бере алады.