30.09.2025, 13:40

Әскердегі сұмдық: Желіде сарбаздарды аяусыз тепкілеген қызметкердің видеосы тарады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Аталған видео қоғамда үлкен наразылық тудырды. 

Әлеуметтік желіде сарбаздарды қатар тұрғызып қойып, ұрып-соғып, балағат сөздер айтқан рота басшысының бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Кадрларда әскери қызметкердің жас сарбаздарға қол көтеріп қана қоймай, небір ауыр сөздер айтқаны анық байқалады.

Аталған видео қоғамда үлкен наразылық тудырып, көпшілік әскердегі жағдайға алаңдаушылық білдірді.

Желі қолданушылары түрлі пікір қалдыруда:

– «Мынаны көріп отырған Қорғаныс министрі қайда?» – «Мұндай хайуандарды соттау керек» – «Әскерде қай өңір болмасын боқауыз сөзді доғару қажет» – «Сау барған бала өзін өзі өлтірмейді. Бәрі әскердегі зорлықтан»

Көпшілік Қорғаныс министрлігінен нақты шара қолдануды талап етуде.