Желі қолданушылары бұл оқиғаға ашық наразылық білдірді.
Әлеуметтік желіде тараған видеода мүмкіндігі шектеулі баланы өзінен төрт жас үлкен балалар қорлап, аяғын әдейі күйдіргені анық көрінеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Анасы ұлының аяғын қорғау үшін дәкемен орап қойғанына қарамастан, қорлаған балалар оны мазақ қылып, ауыр қылмысқа барған. Бала ауырсынуды сезбеген, себебі ол – мүмкіндігі шектеулі.
Желі қолданушылары бұл оқиғаға ашық наразылық білдірді.
«Қорғансыз баланы қорлағандарды қатаң жазалау керек», «Бұл – адамдыққа жатпайды», «Мүгедек баланың несі жазық?» деген пікірлер жауып кетті.
Көпшіліктің айтуынша, жасөспірімдердің мұндай әрекеті – жай бұзақылық емес, нағыз қылмыс. Баланың тағдырына бейжай қарамаған тұрғындар құқық қорғау органдарынан дереу іс қозғауды талап етуде.
Қоғам белсенділері бұл оқиғаны бала құқығын өрескел бұзу деп бағалап, кінәлілерді жазасыз қалдырмауға шақырды.
«Қорғансызға жасалған қиянат – бүкіл қоғамға жасалған соққы», – дейді олар.