65 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Ақмола облысындағы «Астана-Петропавл» тас жолындағы жол апатынан жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған тас жолда Hyundai Santa Fe және КамАЗ-55111 көліктері соқтығысқан.
– Жол апатынан Hyundai Santa Fe көлігіндегі 16 жастағы жолаушы көз жұмды. 65 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады ведомстводан.
Қазір полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.