$ 544.26  634.72  6.52

Маңғыстау облысында бірден 7 сарбаздың жындыханаға жіберілгені анықталды

Барлығының білектерінен кесілген іздер анықталған.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Маңғыстау облысындағы әскери бөлімде өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған сарбаздардың саны 3-тен 7-ге өскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

№99116 әскери бөлімінен бұған дейін хабарланғандай үш сарбаз емес, бірден жеті әскери қызметкердің “өзіне қол салу белгілері” бар деген күдікпен психиатриялық ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Барлығының білектерінен кесілген іздер анықталған.

Сарбаздардың үшеуі дәрігерлер бақылауында қалса, төртеуі психикалық ауытқуға байланысты анықтамалар беріліп, ата-аналарымен бірге үйлеріне қайтарылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 7

Серіктес жаңалықтары