25.09.2025, 10:20

Ақмола облысында қайғылы жағдай: 11 жастағы қыз қаза тапты

Фото: Pixabay

Оқиға 23 қыркүйекте Атбасар ауданында болды – Volkswagen Golf пен Lada Granta соқтығысты.

Ақмола облысының Атбасар ауданында болған жол-көлік оқиғасынан 11 жасар қыз көз жұмды, тағы жеті адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға 23 қыркүйекте Атбасар ауданында болды – Volkswagen Golf пен Lada Granta соқтығысты.

«Жол апаты салдарынан Volkswagen Golf көлігіндегі кәмелетке толмаған жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен сол көліктегі төрт жолаушы, сондай-ақ екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жылдамдықты сақтап, көліктің техникалық жағдайын қадағалау маңызды екенін еске салды.