$ 542.67  638.89  6.51

Сәтбаевта уағыз айтып, терроризмді насихаттаған ер адам сотталып кетті

Сот барлық мән-жайды ескере отырып, сотталушыны кінәлі деп танып, оған 5 жылмерзіміне бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Сәтбаев қаласында терроризмдi насихаттаған ер адамға үкім шығарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сәтбаев қалалық сотында терроризмді насихаттаған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК-нің 256-бабы 1-бөлігі).

Сотта анықталғандай, сотталушы ауызша уағыздар айтып, бұрмаланған діни мәтіндерді мысалға келтіріп, қала тұрғындарының санасына әсер етіп, оларды радикалды идеологияға бейімдеуге тырысқан. Сот процесінде мемлекеттік айыптаушы дәлелдемелерді зерттеуге белсенді қатысып, кәсіби біліктілігін танытып, мемлекеттік айыптауды толық қолдады. Сот барлық мән-жайды ескере отырып, сотталушыны кінәлі деп танып, оған 5 жылмерзіміне бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, - деп жазылған Ұлытау облысы прокуратурасының хабарламасында. 

Үкім заңды күшіне енді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары