$ 541.19  636.44  6.49

Автобуста ер адам көпшілік алдында мастурбация жасады (ВИДЕО)

Куәгерлердің айтуынша, оқиға кезінде салонда қыз бала болған.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

 

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада қоғамдық көлікте отырған ер адамның орынсыз әрекеті жұрттың ашу-ызасын тудырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кадрда жолаушылардың арасында, соның ішінде кәмелет жасына толмаған балалардың көзінше күмәнді қылық жасағаны байқалады.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға кезінде салонда қыз бала болған. Желі қолданушылары мұндай әрекеттің балалардың психикасына қауіпті екенін айтып, дереу полицияға хабарласу қажеттігін жазуда. Көпшілік ер адамның бет-әлпетін анық түсіріп, құқық қорғау органдарына дәлел ретінде жолдау қажет екенін алға тартты.

Кейбір пікір иелері мұндай адамдарды міндетті түрде психиатриялық сараптамадан өткізу керектігін талап етті. Қоғамдық резонанс тудырған жағдайдан кейін тұрғындар мемлекеттік органдарды шара қолдануға шақырып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары