Бұл көрініс көпшілікті екіге қақ жарды.
Қостанай академиясының бірінші курс курсанттарының ант қабылдау рәсімі кезінде түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқылануда, деп хабарлайды Skfnews.kz ақпарат порталы.
Кадрларда жас курсанттардың ата-анасымен қауышып, жанарына жас алған сәттері көрінеді. Сапта тұрған жастарды аналары келіп құшақтап, маңдайынан сүйген.
Бұл көрініс көпшілікті екіге қақ жарды. Бір тарап:
«Неге жылайды, өздері таңдаған мамандық қой?», «Біз оқыған кезде ата-анамызға мақтанышпен қарап тұратын едік», – деп сын айтты.
Ал енді бірі керісінше:
«Бұл – қуаныштың көз жасы», «Ана мен баланың сағынышы, күнде көріп жүрген жоқ қой», «Елдің адал қорғаны болыңдар» – деп қолдау білдірді.
Желі қолданушыларының пікірінше, бұл сәт әр курсанттың отбасына деген сағынышы мен жауапкершілігін айқындап берді.