22.09.2025, 10:20

Шымкентте тағы да мешіт өртеніп кетті

Фото: видео скриншот

Зардап шеккендер жоқ.

Шымкентте құтқарушылар мешіттегі өртті сөндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Кеше Шымкент қаласының 112 пультіне Әл-Фараби ауданы, Б. Саттарханов көшесінде орналасқан мешіттің шатырынан өрт шыққаны туралы қоңырау түсті», - деп жазылған хабарламада.

Қаланың ТЖД жедел қызметтері шатырдың ағаш конструкцияларын ашып, өрт ошағын сөндіріп, жедел жұмыс істеді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ өрт қауіпсіздігін сақтаудың қатаң қажеттілігін еске салды.