17.09.2025, 08:30

«Үсік жүреді»: 17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Фото: Pixabay

Сонымен қатар республиканың бірнеше аймағында өрт қаупі бар.

 

"Қазгидромет" синоптиктері 17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мамандардың болжамына сәйкес, түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында -1°C-қа дейін үсік жүруі мүмкін.

"Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады, соның салдарынан найзағайлы жауын-шашын өтеді. Тек батыс пен оңтүстік-батысқа солтүстік-батыс антициклонының сілемі әсер етеді, ол жақта жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте – дауылды жел, солтүстік-батыс пен орталықта түнгі және таңғы сағаттарда – тұман түседі", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар республиканың бірнеше аймағында өрт қаупі бар:

Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Ақтөбе облысының батысы, орталығы және солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде; Төтенше өрт қаупі – Алматы, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Жамбыл облыстарында, Жетісу облысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысы мен орталығында.