Марқұм 3 қыркүйекте көз жұмған.
Түркістан облысының Шардара ауданында туған ұлының қол көтеруінен зардап шеккен қарияның сүйегі қайта эксгумацияланды. Қазір бұл іске байланысты сот-медициналық сараптама жүргізілуде, деп хабарлаймыз Skifnews.kz ақпарат порталы. Марқұм 3 қыркүйекте көз жұмған. Тірі кезінде ол жүрек гипертензиясы мен омыртқа остеохондрозына байланысты дәрігерлердің бақылауында болған. Дегенмен алған жарақаты бойынша медициналық көмекке жүгінбегені анықталды. Енді тергеу органдары оның өліміне ұлының қатысы бар-жоғын анықтауға тиіс.