16.09.2025, 11:00

Астанада ер адам тірі ата-анасының «жаназасына» әріптестерінен ақша жинаған

Фото: Батыржан Беспаев

Тексеру барысында оның отбасы түгел аман-есен екені анықталды.

Астанада 35 жастағы ер адам алдымен әкесінің, кейіннен анасын қайтыс болды деп жалған ақпарат таратқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жанашыр адамдар оған қаржылай көмек беріп, алаяқ адам шошырлық жолмен ақша жинап отырған. Тексеру барысында оның отбасы түгел аман-есен екені анықталды.

Осындай тәсілмен кемінде 10 алаяқтық дерегіне қатыстылығын тексеруде.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.