Қазіргі уақытта жерді рекультивациялау, топырақпен көму және өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Алматы облысында тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт Алатау қаласына қарасты Әли ауылы маңындағы қоқыс полигонында тіркелген. Қазіргі уақытта жерді рекультивациялау, топырақпен көму және өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Өрттен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің себебі анықталуда», – делінген министрліктің хабарламасында.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың және полиция департаментінің күштері жұмылдырылған.