$ 540.84  634.46  6.43

Шымкентте 5-қабаттан құлап кеткен ер адам таңғажайып жағдайда тірі қалды

"Өмірге қайта келгендеймін".

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Шымкентте көпқабатты үйдің 5-қабатынан құлап кеткен 26 жастағы жігіт аман қалды. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін бірнеше сағат бойы күрес жүргізген. Жарақат алған азаматқа алғашқы сәттерде бірден төрт шұғыл операция жасалып, ол бірнеше күн комада жатқан. Тек бесінші күні ғана есін жиып, сөйлей бастаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Otyrar арнасына сілтеме жасап хабарлады.

«Өмірге қайта келгендеймін. Төрт күн ес-түссіз жаттым. Кейін бес күн реанимацияда болдым, одан соң палатаға ауыстырылдым. Құдайға шүкір, қазіргі жағдайым тұрақты», – дейді зардап шеккен жігіт.

Мамандардың айтуынша, оның жарақаттары өте күрделі болғандықтан, түрлі бағыттағы дәрігерлер бірлесіп ота жасауға мәжбүр болған.

«Науқаста ашық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы, маңдай мен төбе сүйектерінің ауыр сынулары анықталды. Сонымен қатар Лефор I түріндегі жоғарғы жақ сүйегі сынған, көз шаралары зақымданған және бірнеше тісі сынып кеткен. Сондықтан ол ауруханаға жеткізілген кезде жағдайы аса ауыр деп бағаланды», – дейді нейрохирург Рахым Мергенбай.

Қазіргі уақытта жас жігіттің негізгі өмірлік функциялары қалпына келіп, сауығу жолына түскен. Дегенмен алда оны тағы бірнеше күрделі операция мен ұзақ оңалту кезеңі күтіп тұр.

«Операцияны дереу жасауға тура келді. Себебі сынулар өте ауыр әрі көп болды. Мұндай жағдайды медицинада "көптік жарақат" деп атаймыз. Абырой болғанда, ота сәтті өтіп, бүгінде науқастың жағдайы тұрақталды», – дейді травматолог Данияр Оразбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары