13.09.2025, 15:30

«Мемлекетке ғимарат керек деді»: Семейдегі жеке клиникадағы 84 қызметкер жұмыссыз қалмақ

Фото: видеодан скриншот

Әріптестерімнің несиеcі бар, күтімге мұқтаж туыстары бар.на

Семей қаласында 34 жыл бойы қызмет етіп келе жатқан жеке клиника мемлекетке тиесілі ғимараттан шығарылады. Соның салдарынан 84 қызметкер жұмыссыз қалуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Клиниканың гинекология бөлімінің меңгерушісі Евгения Винникова мекеменің ондаған жыл бойы халыққа қызмет етіп келгенін айтады.

«Бөліміміз 34 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Халыққа көмек көрсетіп, талай адамға қолдау болдық. Енді бір сәтте жұмыссыз қалу қаупі туып отыр. Әріптестерімнің несиеcі бар, күтімге мұқтаж туыстары бар. Бұл 84 адамның тағдырына ауыр соққы болмақ», – дейді ол.

Ғимарат Семейдің орталығында орналасқан. Дәрігерлердің айтуынша, клиника жылдар бойы мемлекеттік мекемелермен қатар жұмыс істеп, жоспарлы және шұғыл гинекологиялық көмек көрсетіп келген. Мұнда тегін ота жасалып, науқастарға қалпына келтіру бөлімдері де ашылған.

Бұған дейін клиника сот арқылы жалға алу мерзімін ұзартқан. Алайда келісім тағы да тоқтатылып, санитарлық талаптарға сай ғимарат жоқ деген себеппен мекемеге шығару туралы хат берілген.

Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабеков мемлекеттік медициналық ұйымдарға қосымша ғимарат қажет екенін айтты.

«Клиникаға жаңа ғимарат табуды бірнеше рет ұсындық. Бірақ жүзеге аспады. Егер мекеме көшсе, біз дәрігерлерді және басқа қызметкерлерді жұмыссыз қалдырмай, өзге орындарға орналастыруға дайынбыз», – деді ол.