$ 540.84  634.46  6.43

Атырау тұрғыны үш жасар баланың үстінен арыз түсірген

Атыраудағы дәмханалардың бірінде балалар ойыншыққа таласқан.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Әйелдің полицияға хабарласуына қыздар арасындағы жанжал себеп болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Атыраудағы дәмханалардың бірінде балалар ойыншыққа таласқан.

Қыздардың бірінің анасы жағдайды ушықтырмағанда оқиға елеусіз қалар еді.

Әйел бес жасар қызын ренжіткен үш жасар қызға қарсы полицияға арыз жазған. Ойыншыққа таласып қалса да балалар кейінірек татуласып, екеуі екі жаққа кеткен.

Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкерлерін бұл жағдай қатты таңғалдырған. 

"Осы оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп, баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оларға үш жасқа дейінгі балаға қатысты арыздың қабылданбайтыны түсіндірілді", - деп хабарлады полиция.

Сондықтан әйелдің арызы заң талаптарына сәйкес қараусыз қалдырылды, деп атап өтті департамент.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 6
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары