12.09.2025, 13:20

10 адамның өмірін қиған апат: Маңғыстауға ІІМ Ұлттық ұлан борты жіберілді

Фото: ІІМ

Борт қаза тапқандардың денелерін өз аймақтарына жеткізу үшін де пайдаланылады.

Жол-көлік апатында қаза тапқан азаматтардың туыстарын Маңғыстау облысына жеткізу үшін ІІМ Ұлттық ұлан борты жіберілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Денелерін сәйкестендіру және басқа қажетті рәсімдерді өткізу үшін бортта жол-көлік оқиғасында қаза тапқандардың туыстары ұшып барады. Бортта денелерін сәйкестендіру және басқа қажетті рәсімдерді өткізу үшін жол-көлік оқиғасында қаза тапқандардың туыстары ұшып барады. 

Борт қаза тапқандардың денелерін өз аймақтарына жеткізу үшін де пайдаланылады. Қаза тапқандардың ішінде  бес әйел Қарағанды облысынан, біреуі Астана қаласының тұрғыны.

— Бұл шара қаза тапқандардың отбасыларына жедел көмек көрсету, денелерді сәйкестендіру рәсімдеріне қатысу, оларды тасымалдау және кейінгі жерлеу ұйымдастыру жұмыстарын оперативті шешу мақсатында ұйымдастырылды, — деді ІІМ ресми өкілі - департамент бастығы Шыңғыс Алекешев.