04.09.2025, 18:40

«Ұят емес пе?»: Желіде жасы үлкен кісілердің үйлену тойы қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Кадрларда жаңа құрған ерлі-зайыптылардың жанында өздерімен шамалас жігіт-қыздар жолдас болып тұрғаны көрінеді.

Әлеуметтік желіде жасы үлкен адамдардың үйлену тойынан түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кадрларда жаңа құрған ерлі-зайыптылардың жанында өздерімен шамалас жігіт-қыздар жолдас болып тұрғаны көрінеді. Алайда бұл шын мәнінде үйлену тойында түсірілген сәт пе, әлде клип не фильмнің үзіндісі ме – әзірге нақты белгісіз.

Желі қолданушылары видеоға қатысты түрлі пікір білдірді. Бірі қуаныш иелеріне қолдау көрсетсе, енді бірі бұл әрекетті құптамаған.

– «Бұл жаста жастарша той жасаудың қажеті жоқ», – «Мен өзім 25 жасымда үйленгенде кәрі сезінгенмін», – «Керемет, той тойға жалғассын, жасына қарамай бақытқа лайық!», – «Бәлкім, күміс той шығар», – «Қандай жаста болса да қуаныштың айыбы жоқ», – деген сынды пікірлер жазылды.

Тегтер: үйлену той