27.08.2025, 13:05

Тоқаев Ақордада Иордания корольін салтанатты түрде қарсы алды

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді. 

 

Ақордада елімізге ресми сапармен келген Иордания Хашимит Королдігінің Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейнді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король ІІ Абдалла бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Содан соң Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды. Бұдан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз өтетін залға барды.