22.08.2025, 12:10

Тоқаев Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етіп, рухына Құран бағыштады

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары жалғасуда.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары жалғасуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы қырғыз халқының кемеңгер жазушысы Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етіп, қаламгердің рухына Құран бағыштады.