$ 537.34  623.05  6.65

Түркиядан келген құпия жамағат: Қазақстанда 18 мыңнан астам бала тәрбиелеген «сүлейменшілер» кімдер?

Мамандар қазіргі жағдайдың тамыры 1992 жылы қабылданған аса либералды дін туралы заңнан бастау алады.

Фото: Әлеуметтік желі
Фото: Әлеуметтік желі

Қазақстанда соңғы жылдары деструктивті діни ағымдар тақырыбы қайта ушыға бастады. Темір ауданындағы 2011 жылғы және Ақтөбедегі 2016 жылғы қанды оқиғалардан кейін бұл мәселе біраз уақыт тыйылғандай болған еді. Алайда соңғы деректер алаңдатарлық: тек Ақтөбеде – 60-тан астам, Маңғыстауда – 50-ден астам қылмыс дәл осындай ағым өкілдерімен байланысты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

90-жылдардағы «ашық есік» саясаты және сыртқы ықпал

Мамандар қазіргі жағдайдың тамыры 1992 жылы қабылданған аса либералды дін туралы заңнан бастау алады. Сол заңның арқасында елге жүздеген шетелдік діни ұйым мен секта еркін кірді. Олардың арасында көптеген мемлекетте тыйым салынғандары да болды. Бұл – идеологиялық тұрғыдан әлі қалыптаспаған жас мемлекет үшін қауіпті қадам еді.

Мәселен, Сауд Арабиясы, Түркия, Пәкістан, Мысыр және басқа елдердің қаржыландыруымен салынған мешіттер, ашылған медреселер мен оқыту орталықтары арқылы шетелдік діни түсініктер мен өмір салты тарай бастады. Нәтижесінде радикалды және экстремистік идеялар да ілесе келді.

«Сүлейменшілер»: қайырымдылықты жамылған құпия ұйым

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының дерегінше, «сүлейменшілер» – Түркияда пайда болған, сопылық ілімді ұстанатын, дәстүрлі емес діни жамағат. Негізін қалаушы – Сүлеймен Хилми Тунахан (1888–1959), Нақышбандия тариқатының өкілі. Түркияда бұл ұйым бейресми әрекет етеді және радикалды діни ұйым ретінде бағаланады.

Асылбек Ізбайыров, дінтанушы:

«Бұл сопылық бағытта болғандықтан, сопылықтың ішінде дәстүрлі жолмен келе жатқан нәрсе – бұл ғибадат элементтері. Соның ішінде рабитаны айтады. Рабита деген – ұстазды көрмей соған бағыну. Бұл система кезінде Ходж Ахрор деген адаммен шығарылған. Олар шәкірттеріне: «Мені маған бағынышты боласыңдар» – дейді.

Қазақстанда бұл ағымға ресми тыйым салынбағанымен, олардың бірқатар тәжірибесі ҚМДБ ұстанымына қайшы:

жұма намазын мешіттен тыс жерде өткізу;

өз бетінше намаз уақытын белгілеу;

«рабыта» арқылы пірін елестетіп құлшылық ету.

92 пансионат, 18 мыңнан астам бала

Бұл жамағат елімізде 1990-жылдардың басында пайда болды. Алдымен мешіттерде имам болып қызмет етті, кейін жеке медреселер мен пансионаттар аша бастады. Көбіне тұрмысы төмен отбасылардың балаларын тегін оқыту, тамақтандыру және киіммен қамтамасыз ету арқылы тартып отырды.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда «сүлейменшілерге» тиесілі 92 пансионат болған. 1992 жылдан бері мұнда 18 мыңнан астам бала тәлім алған. Пансионаттар қайырымдылық қоры ретінде тіркеліп, сырт көзге заңды мекеме көрінгенімен, ішінде діни дәрістер жүргізілген.

«Жібек жолы» дауы және тексерістер

2023 жылы «Жібек жолы» қауымдастығына қатысты үлкен дау шықты. Бұрнағы жылы ҚМДБ бұл ұйыммен меморандумды үзсе, биыл Алматы қаласының соты қауымдастыққа қарасты 26 мекеменің мемлекеттік тіркеуін жойды. Бірнеше басшысына қылмыстық іс қозғалды. Тексеру кезінде пансионаттардан экстремистік мазмұндағы шетелдік әдебиеттер табылды. Балаларды намазға мәжбүрлеу, бас тартқандарға күш қолдану деректері анықталды. Бұрында тәрбиеленушілерді базарға шығарып садақа жинатқызу фактілері де болған

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары