21.08.2025, 13:40

«Әлі бөпе ғой екеуі»: 2007 жылғы жас жұбайлардың үйленуі елді шошытты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

"Неге сонша асықтыңдар екен".

Желіде 2007 жылғы жас жұбайлардың шаңырақ көтеруі қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Олар 18 жастарында үйленді. Алайда кәмелет жасқа толса да, "әлі есеймеген балалар" деп топшылады жұрт.

Қоғамның пікірі екіге бөлінді: бірі олардың небәрі 18 жаста үйленгенін ерте шешім деп санаса, енді бірі жарасымды жұпқа бақыт тілеуде.

«Әлі кішкентай балалар ғой», «Неге сонша асықтыңдар екен», – деп жазғандар да бар. Ал басқа қолданушылар: «Мәз-мейрам болып тұр, жарасымды жұп», «Бақытты болсын, сүйкімді екеуі де», – деп жылы пікірлерін қалдырған.