20.08.2025, 11:50

Жетісуда кәсіпкер мемлекеттен бөлінген 300 млн теңге субсидияны казиноға жұмсаған

Фото: nalogi.kz

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

Жетісуда сүтке бөлінген 300 млн теңге казиноға кеткен Жетісу облысында ауыл шаруашылығына бөлінген 300 млн теңге субсидия жымқырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.Тергеу дерегінше, күдікті – бір ЖШС-нің басшысы. Ол екі жыл бойы жалған құжаттар арқылы мемлекеттен сүт өнімдерін өңдеуге бөлінген субсидияны алып отырған. Ауыл шаруашылығы басқармасына шикі сүтті жеке кәсіпкерлерден сатып алғаны туралы жалған есеп тапсырған. Сары май өндіргені жөнінде де өтірік мәлімет берген.

Сүт ақшасы – казиноға Алынған қаржының бір бөлігі – 110 млн теңге – ел игілігіне емес, құмар ойынға жұмсалған. Күдікті бұл ақшаны казиноға салып жіберген. Заводқа тыйым салынды Сот санкциясымен күдіктінің 300 млн теңгеден асатын зауытына тыйым салынды. Қазір ол үйқамаққа алынған. Бұл іс ауыл шаруашылығына арналған қаржының қалай талан-таражға түскенін айқын көрсетіп отыр.