$ 538.57  629.48  6.71

Тоқаевтың бас күзетшісі бокс федерациясының құрметті президенті болып сайланды

Бұған дейін құрмет президент Кеңес Рақышев болған.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

ҚР мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары әрі ҚР президент күзет қызметінің бастығы Роман Төреханов енді Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

19 тамыз бокс федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті. Жиында федерация президенті Шахмұрат Мүтәліптің ұсынысымен құрмет президент қайта сайланды.

Бұған дейін құрмет президент Кеңес Рақышев болған. Енді оның орнын Роман Төреханов басады.

Айта кетейік,  Роман Төреханов 1982 жылы 17 ақпанда дүниеге келген. Ол әр жылдары Түркістан қаласындағы Олимпиадалық резерв мектебінде жаттықтырушы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінде түрлі офицерлік және басшылық лауазымдар, Қазақстан Республикасы президентінің күзет қызметі бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары