$ 540  630.72  6.72

«Халқым мені қолдайды деп сенемін»: Берденовті атқан Жиембай соттағы соңғы сөзін айтты

Сотталушы жәбірленуші Руслан Берденовтен кешірім сұрап, бұл қылмысқа жайдан-жай бармағанын тағы бір рет еске салды.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Руслан Берденовті атқан Жиенбай сотта соңғы сөзін айтты. Шенеуніктің денсаулығына ауыр зиян келтіргеніне өкінетінін, сол үшін кешірім сұрағанын жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сотталушы жәбірленуші Руслан Берденовтен кешірім сұрап, бұл қылмысқа жайдан-жай бармағанын тағы бір рет еске салды.

«Істеген ісіме өкінемін. Ешбір азаматтар қолдарыңызға қару алмаңыздар, аңшылыққа бармаңыздар деп айтар едім. Қолыммен істеген ісімді мойныммен көтеремін. Руслан Арысбекұлының көп ресурсы болса да, мендегі бар ресурс – әуелі Алла, одан кейін әділ сот. Сізге сенім білдіремін. Қарапайым халқым мені қолдайды деп сенемін», — деді ол.

Ернар Жиенбай қалай болса да, Руслан Берденовтің денсаулығына ауыр зиян келтіргенін мойындады. Сол бойынша кешірім сұрағанын жеткізді.

«Сот тергеуінде берген жауабымды толық қуаттаймын. Руслан Арысбекұлынан кешірім сұраймын. Кеше жәбірленушіден жауап алу барысында мен оған көп сұрақ қоя алмадым. Мен оны өмірімде екінші рет көрдім. Сол себепті мен кешірім сұраумен шектелдім. Маған тағылған айыппен ішінара келісемін. Бұл оқиға өз-өзімен болған жоқ нақты айта аламын. Мен өзімді есі дұрыс адам ретінде санаймын. Сараптама қорытындылары да бар. Мен себепсізден-себепсіз қорқыту мақсатында оқ атқан жоқпын», — деді сотталушы.

Ернар Жиенбай сонымен бірге осы оқиға үшін барша Қазақ елінен кешірім сұрады.

«Елімізде тек береке, мереке, той, қуаныш, жақсылық болсын. Ешқандай қылмыстар орын алмасын, қылмыстар азайсын. Құрметті сот, айтарым көп. Алайда қысқа-нұсқа, сізден 160-баптың 1-тармағымен жеңіл жаза тағайындауыңызды өтініп сұраймын», — деп түйді сөзін сотталушы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары