19.08.2025, 18:00

Сақ болыңыз! Қажылыққа тек арнайы турфирмалар ғана апара алады

© Фото: Zakon.kz

Байқау «Үміткер туроператорларға қажылық орындарын бөлудің ережесі» негізінде өтеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы қажылықты ұйымдастыру үшін туроператорлар арасында конкурс жариялады. Байқау «Үміткер туроператорларға қажылық орындарын бөлудің ережесі» негізінде өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Конкурс талаптары:

«Қажылық-2026» маусымына дайындығы және нақты игере алатын қажылық орын саны мен мүмкіндігі туралы ҚМДБ-ға өтініш хат жіберу; Туроператорлық қызметті жүзеге асыру бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сай берілген тиісті мемлекеттік лицензиясының және ҚР туристік қызметі туралы заңының 27-3-бабының 1-тармағына сәйкес қосымшасының болуы; Салық комитетінде тіркелгені туралы куәлігінің және салықтары төленгенін айғақтайтын құжаттардың болуы; Қажылық пен ұмраны ұйымдастыруда тұрақты оң 5 жылдық тәжірибесінің бар екендігін айғақтайтын құжаттардың болуы; ҚР заңдарын және САК тарапынан қажылыққа қатысты қойылған талаптарды бұзбауы; ҚР аумағында халыққа сапалы қызмет көрсете алатын кеңсесінің болуы (кеңсенің мекен-жай анықтамалығы, кеңсе немесе ғимаратты жалға алған келісім-шарты). Аталған құжаттар 2025 жылғы 18 тамыздан бастап hajj@muftyat.kz поштасы арқылы 2025 жылғы 31 тамызға дейін қабылданады. Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған туроператордың ұсыныстары қаралмайды.