$ 540  630.72  6.72

Журналиске тілін шығарған судьяның үстінен тексеріс жүргізіледі

Қызметтік тергеп-тексеру материалдары сот әдебі жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.

Фото: Әбинұр Қарабаевтың жеке парақшасы/Видеодан скриншот
Фото: Әбинұр Қарабаевтың жеке парақшасы/Видеодан скриншот

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті өлтіруге оқталған іс бойынша төрағалық еткен судьяға Әбинұр Қарабаевқа қатысты тергеу тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сот отырысында судья Қарабаевтың тілін шығарған видеосы желіде тарады.

Шымкент сотының баспасөз қызметі судьяның тәртібі жан-жақты тексерілетінін мәлімдеді.

"Шымкент қаласы әкімінің орынбасарын өлтіруге оқталу туралы қылмыстық істі қарау кезінде төрағалық етуші судья Әбинұр Қарабаевтың әрекеті Судья әдебі кодексін бұзғаны үшін тергеліп жатыр", – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

Қызметтік тергеп-тексеру материалдары сот әдебі жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.

"Судьяның беделін түсіретін құқықбұзушылық жасау фактісі расталса, материалдар Жоғарғы Сот кеңесі жанындағы сот жюриіне жіберіледі", – деп толықтырды соттың баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары