$ 540  630.72  6.72

Қаскелеңде алты баланың анасы әкімдік алдында өзін өртемек болды (ВИДЕО)

Әйелдің айтуынша, ол Алтын ауыл ықшам ауданынан үйді бөліп төлеу арқылы сатып алған.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Қаскелеңде алты баланың анасы әкімдік алдында өзін өртемек болды, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қаскелеңде алты баланың анасы Гүлнар Молдабекова Қарасай ауданы әкімдігінің алдында өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Әйелдің айтуынша, ол Алтын ауыл ықшам ауданынан үйді бөліп төлеу арқылы сатып алған. Қарызын толық өтеп, құжаттарын қолына алғанымен, бұрынғы үй иесі банктегі кепілдікті әлі күнге дейін шешпеген. Соның кесірінен ол балаларымен бірге баспанасынан айырылып қалуы мүмкін. Молдабекованың сөзіне сенсек, бұл әрекет қасақана қитұрқылықпен жасалған. Қазір ол сот шешімін күтіп жүр. Айтуынша, шешуші үкім ертең, 20 тамызда шығуы тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары