17.08.2025, 22:30

Сұмдық! Астана маңында ұшақ құлады

Фото: T.me/PRO КАДРЫ KZ

Қазір апаттың себебі анықталып жатыр. 

Ақмола облысы аумағында ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

- UP-LA 229 жеке жеңіл ұшағының апаты фактісі бойынша Астана стансасындағы желілік полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Апат салдарынан екі адам, ұшқыш пен жолаушы қаза тапты, - делінген хабарламада. 

Қазір апаттың себебі анықталып жатыр. 

- Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - дейді ведомстводан.

Тегтер: ұшақ Астана