Ариана қазір сотты күтуде.
Астаналық пилатес жаттықтырушысы Ариана көшеде өзіне жасалған жыныстық сипаттағы қысым туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға ол құрбысына хоккей мектебінде терезе жууға көмектесіп жүрген сәтте болған. Instagram желісіне сторис түсіру үшін қыздар штативке телефон қойған. Сол кезде жанына келген ересек ер адам оның бөксесінен ұстап кеткен.
Полиция күдіктінің кім екенін анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (“Ұсақ бұзақылық”) бойынша іс қозғады. Белгілі болғандай, ол – 1967 жылы туған, үйленген және 6 баланы тәрбиелеп отырған азамат.
Ариана қазір сотты күтуде. Егер іс басқа бапқа ауыстырылмаса, ер адамға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5–15 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалуы мүмкін.