12.08.2025, 16:30

Мектептердегі оқу жылы 1 маусымға дейін ұзартылмайтын болды

Фото: caravan.kz

Алдымен елдегі барлық мектептер заманауи кабинеттермен толықтай қамтамасыз етілуі керек.

 

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биыл мектептердегі оқу жылын ұзарту туралы мәселе қаралмайтынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оның сөзінше, алдымен елдегі барлық мектептер заманауи кабинеттермен толықтай қамтамасыз етілуі керек.

Бұл талап толық орындалған жағдайда ғана оқу жылы ұзартылуы мүмкін.

Министр білім беру мекемелерінің инфрақұрылымын дамыту мәселелері шешілмейінше, оқу жылын ұзарту туралы әңгіме қозғалмайтынын атап өтті.