09.08.2025, 11:00

Ақтауда 16 жастағы жасөспірім көпқабатты үйден секіріп кетті – полиция тергеу бастады

Фото: видеодан скрин

Куәгерлердің айтуынша, бәрі бірнеше секундтың ішінде болған.

Ақтауда қайғылы оқиға болды. Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарағанда, 16 жастағы жасөспірім көпқабатты үйдің жоғары қабатынан секіріп кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері жетті.

Куәгерлердің айтуынша, бәрі бірнеше секундтың ішінде болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Әлеуметтік желі қолданушылары болған жағдайға түрлі пікір білдіріп, жастар арасындағы суицид мәселесінің ушығып кеткенін жазуда.

Полиция қылмыстық іс қозғап, қажетті сараптамалар тағайындады.