Бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.
Такси жүргізуші қыз бейтаныс жолаушыдан күтпеген ұсыныс естігенін айтып, оқиғасымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, Талғардан алған жолаушы жолда:
— Саған қарап аяп кетемін, сені таксиде көру обал. Эскортқа жұмысқа тұр. Менде бір таныс бар, Али деген. Қазір хабарласып, бәрін шешіп береміз. Үлкен ақша табасың, — деп ұсыныс жасаған.
Жүргізуші бастапқыда есеңгіреп қалғанын айтады.
— Бейтаныс адамның бетке айтқаны мені шок қылды. Ойыма оны бірден түсіріп тастау, ұрысу немесе қуып жіберу келді, — дейді ол.
— Басында ол маған жаны ашығанын айтты. Бірақ соңында мен оны аяп кеттім. Өйткені ол шаршаған, түрі жүдеу еді. Оны басқа клиентке апардым, адресі қонақүй болып шықты. Қоштасарда тек жақсы тілегімді айтып, «өміріңіз өз қалауыңыздай болсын» дедім. Басқа адамның өмірін мен бағаламаймын, — дейді такси жүргізушісі.
Бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.