05.08.2025, 23:30

Романтика орнына – тонау: Алматыда жігіттерді пәтерге шақырып, бүкіл затын тартып алды

Фото: polisia.kz

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Алматыда үш күдікті – екі ер адам мен бір әйел – танысу сайтында басталған әңгімені қылмыстық сценарийге айналдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Жас жігіт танысу сайтынан бейтаныс қызбен сөйлесіп, көп ұзамай оны пәтеріне қонаққа шақыруға келіседі. Кездесуге дайындалған жігіт душ қабылдап, ең жақсы киімін киіп, одеколон сеуіп, қыздың үйіне барады. Басында бәрі жайлы өтіп жатқан. Алайда кенеттен пәтерге қыздың екі сыбайласы кіріп келіп, «романтикалық кешті» қорқыту мен тонауға айналдырды. Жігіт телефонынан, ақшасынан және жеке заттарынан айырылып, полиция бөлімшесіне шағымдануға мәжбүр болды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.