$ 536.58  622.75  6.71

Үкімет «үй жанындағы дүкендердегі» бағаны қатаң бақылайды

Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаккалиев мәлімдеді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстанда шағын сауда орындарындағы баға мен сауда үстемесіне бақылау күшейеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаккалиев мәлімдеді.

– Біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАСТ) 15 пайыздық сауда үстемесін бақылауды күшейтуге көшеміз.

Сонымен қатар, ӘМАСТ бағаларын талдауға арналған арнайы модуль іске асырылып жатыр. Ол тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді, – деді министр. Сонымен бірге, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға азық-түлік ваучерлерін беру бойынша пилоттық жоба басталады.

Бұл бастама оларға тауарды көтерме бағамен, яғни сауда үстемесін қоспай сатып алуға мүмкіндік береді. Пилоттық жоба Ақкөл, Көкшетау және Павлодар қалаларында жүзеге асып, шамамен бес мың АӘК алушыны қамтымақ.

Үкімет бұдан бөлек Ұлттық тауарлар каталогын енгізуді жандандыруда. Бұл – тауарды өндіруден немесе елге әкелуден бастап, көтерме және бөлшек саудаға дейінгі барлық кезеңде жіктеудің бірыңғай жүйесі. Қазір Қазақстанда «Астана-1» және «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйелері жұмыс істейді, бірақ олар тек шектеулі тауар түрлерін ғана қадағалайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары