05.08.2025, 11:00

«Іші тар әйел ұл туа алмайды»: Психолог Ләззат Нұрлыбек қыз туа беретін әйелдерге үндеу жасады (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынды

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Танымал психолог әрі космоэнергетика маманы әззат Нұрлыбек қыз бала жиі дүниеге келетін, ал ұл баланы ұзақ күтіп жүрген отбасылар жайлы өз ойын білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Неге кейбір отбасында қыз бала жиі туады, ал ұл бала дүниеге келмей қояды? Қазақ халқы ұлды – шаңырақ иесі, ұрпақ жалғастырушы деп бағалайды. Сол себепті көп отбасы ұл күтіп жүреді. Бұл жағдайдың екі негізгі себебі бар," – дейді маман.

Оның айтуынша, бірінші себеп — ер адамның қыз балаға, жалпы әйел затына деген құрметінің төмендігі.

"Егер отағасы әйелге дөрекі сөйлеп, қыз баланың қадірін түсінбесе, Алла Тағала әдейі қызды көбірек береді. Бұл – ер адамға ескерту сияқты. Қыздың құнын білсін деген белгі," – дейді Ләззат Нұрлыбек.

Ал екінші себеп әйел адамның ішкі күйімен байланысты:

"Егер әйел іші тар, көреалмаушылығы басым, негативке бейім болса – ондай жан көбіне ұл туа алмайды," – деп түсіндірді ол.