05.08.2025, 10:30

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанда жұмыс сапарымен жүр

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Президент Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясының делегация басшыларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысу үшін "Аваза" конгресс-орталығына келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов күтіп алды.