Алдын ала болжам бойынша, бала кездейсоқ арнаға құлап кеткен болуы мүмкін.
Ақмола облысының Қосшы қаласында бес жасар бала суға батып кетті. Қайғылы жағдай 3 тамыз күні болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ресми мәліметке сәйкес, шамамен 12:40 кезінде «Нұра–Есіл» су арнасынан 2020 жылы туған баланың мәйітін туысы тауып алған. Бала киіммен болған, өмір белгілері болмаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, бала кездейсоқ арнаға құлап кеткен болуы мүмкін. Айта кетейік, «Нұра–Есіл» су арнасы — Нұра өзенінен Есілге су жеткізуге арналған стратегиялық маңызы бар гидронысан. Бұл канал елорда мен маңайындағы аумақтарды сумен қамтуға қатысады.