Соның ішінде, қызу көтерілуі, буындардың қатты ауыруы, жүйке жүйесінің бұзылуы секілді асқынулар пайда болады.
Қытайдың Гуандун провинциясында вирусты 2800-ден астам адам жұқтырғаны анықталған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Бүгінге дейін қауіпті вирус 5 мың адамнан табылған.
"Чикунгунья" дірілдек вирусы маса арқылы тарайды. Ол ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Соның ішінде, қызу көтерілуі, буындардың қатты ауыруы, жүйке жүйесінің бұзылуы секілді асқынулар пайда болады.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзянкунь вирустың таралуы бақылауда екенін мәлімдеді. Ол шетелдік туристер үшін ешқандай қауіп жоқ деп сендірді.
"Чикунгунья" вирусы тарау аймағы негізінен Африка, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия, Мексика және Гватемала. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирусқа қарсы арнайы ем жоқ дейді.